Алмазбек Атамбаев Қазақстанға келеді

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев (оң жақта) пен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев қарашаның 6-7-сі күндері Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы Қазақстан президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сапар барысында Қазақстан мен Қырғызстан жоғарғы үкіметаралық кеңесінің төртінші отырысы өтеді деп жоспарланған.