Бакуде саяси тұтқындарды қолдау жиыны өтті

Әзербайжан азаматтық қоғамына биліктің қысым жасауына наразылық жиыны. Баку, 9 қараша 2014 жыл.

Бакуде бүгін Әзербайжан демократиялық күштерінің ұлттық кеңесі азаматтық қоғам ұйымдарына биліктің қысым жасауына наразылық жиынын өткізді. Мұндай жиындар өтетін орын ретінде белгіленген стадиондағы акцияға қатысушылар биліктен азаматтық белсенділерді қамауды тоқтатып, саяси тұтқындарға бостандық беруді талап еткен.

Соңғы айларда Әзербайжанда бірнеше белсенді тұтқындалған еді, олардың арасында адам құқығын қорғаушы ерлі-зайыпты Лейла және Ариф Юнустар да бар. Билік оларды үстінен іс қозғап, «мемлекетке қарсы іс-әрекетпен айналысқан» деген айып тағып отыр. Бірақ жақтастары билік оларды саяси себеппен қамауда ұстап отыр деп санайды.

Халықаралық құқыққорғау ұйымдары да Әзербайжанда тұтқында отырған азаматтық белсенділерге қолдау білдіріп, биліктің заң талаптарын орындауға, мысалы, қамаудағыларды адвокаттарымен кездестіруге ықылас танытпай отырғанын атап көрсеткен.