Кометаға модуль қонды
Your browser doesn’t support HTML5
Тарихта тұңғыш рет ғарыш аппараты – «Фила» модулі кометаға қонды. Үлкендігі кіржуғыш мәшинедей, салмағы 100 килограмдай болатын модуль «Розетта» зондынан ажырап, 67Р кометасына қонған. Еуропа ғарыш агенттігі мамандары «Розетта» зонды кометамен қатарласу үшін ғарышта 10 жылдай уақыт 6,5 миллиард километр жүргенін айтады. Комета шаң мен мұздан тұрады. Күнге қарай жылжып бара жатқан аспан денесінің бетіне қонған «Фила» ақпарат жинаумен айналысады.