"Биыл қазан айында Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырымен Қазақстан мен Түркіменстан 353 мың тоннадан астам мұнай тасыды" деп хабарлайды BNews.kz сайты.
Әзербайжанның SOCAR мемлекеттік мұнай компаниясының хабарлауынша, "қазан айында бұл құбырмен тасымалданған Әзербайжан мұнайының көлемі 2 миллион 481 мың 366 тонна болған".
Баку-Тбилиси-Жейхан құбыры Еуропа нарығына мұнайды Ресей аумағын айналып өтіп, жеткізеді. Құбыр 2006 жылы маусым айында іске қосылған. Содан бері 259 миллион 467 мың тонна мұнай тасымалданған. Құбыр тәулігіне 1 миллиард 2 миллион баррель мұнай өткізе алады. Қазақстан мұнайы бұл құбырға алғаш 2008 жылы қосылды.