Ауыр атлетикадан Алматыда өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан спортшысы Жәзира Жаппарқұл 77 килограмм салмақ дәрежесінде күміс медаль алды. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 262 килограмды (118+144) көтерді.
Алтын медальді 265 килограмм салмақ көтерген оңтүстік кореялық Юн Хи Руи, қола жүлдені 261 килограмм көтерген қытайлық Иожуан Чен меленді.
Қазақстандық спортшы, Лондон олимпиадасының чемпионы, 63 килограмм салмақ дәрежесінде жарысқа қатысқан Мая Манеза 231 килограмм көтеріп, сегізінші орын алды.
Жәзира Жаппарқұлдың күміс медалі - Қазақстанның Алматыда өтіп жатқан әлем чемпионатындағы екінші жүлдесі. Бұған дейін Зүлфия Чиншанло (58 килограмм) алтын медаль алған.