Қазақстандық режиссер Әмір Байғазиннің "Жаралы періште" деп аталатын жаңа жобасы Катардың Доха кинематография институты қорының 120 мың АҚШ доллары көлеміндегі ақшалай жүлдесін ұтып алды.
"Қазақфильм" киностудиясының хабарлауынша, Доха кинематография институты бұған дейін тек солтүстік-батыс Африка мен Таяу Шығыс елдерінің жобаларына ғана қаржылай қолдау көрсетіп келген. Биыл ұйым жаңа кинематографиялық таланты барларды анықтау мақсатында әлемнің түрлі елдерінен 396 өтініш қабылдап, оның тек 24-іне ғана қаржылай көмек берген.
Қаржылай жүлдеге ие болғандар арасында Әмір Байғазинмен қатар Тайланд, Португалия, Иран және басқа да елдердің режиссерлері бар.
Байғазиннің "Жаралы періште" жобасы бұған дейін халықаралық ұйымдардың стипендиясын бірнеше рет ұтып алған.