Парламент сенаты бүгін "Қазақстан мен Италия арасындағы сотталғандарды беру жөніндегі келісімді ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады.
Қазақстан мен Италия арасындағы сотталған азаматтарды беру туралы келісімге 2013 жылғы қарашаның 8-інде Астанада қол қойылған.
Сенат комитетінің түсіндіруінше, келісім бойынша, екі елдің бірінде сотталған азамат жазасын өтеу үшін Қазақстанға, я Италияға беріледі. Келісімді орындау үшін Қазақстанның бас прокуратурасы мен Италияның әділет министрлігі ресми сауалдар, өтініштер мен құжаттар алмасады.