БҰҰ-ның есептеуінше, радикалды "Ислам мемлекеті" ұйымы бір жылда кепілге алынған азаматтарды сатудан 35-45 миллион АҚШ долларына дейін пайда түсірген.
БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің терроризммен күрес мәселесіне қатысты отырысында "Әл-Қаида" ұйымына қарсы санкцияларға мониторинг жасайтын сарапшысы Йотсна Лалджидің айтуынша, 2004-2012 жылдары террористік ұйымдар кепілге алынғандарды сатудан 120 миллион АҚШ долларын тапқан.
Лалджи соңғы жылдары адамдарды, оның ішінде шетелдіктерді кепілге алып, босату үшін ақша талап ету "Әл-Қаида" және онымен байланысы бар басқа да радикалдық топтардың қаржы табу көзіне айналғанын айтады.