Бүгін Қазақстан парламенті "2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңын қабылдады.
Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевтың дерегінше, елдің 2015 жылғы бюджеті - 7 триллион 855,1 миллиард теңге, 2016 жылғы бюджеті - 8 триллион 42,2 миллиард теңге болып белгіленген. Ал 2017 жылғы бюджет - "Нұрлы жол - болашаққа жол" экономикалық саясатын жүзеге асыруға ұлттық қордан бөлінетін 3 миллиард долларды есептемегенде - 7 триллион 943,6 миллиард теңге болмақ.