Алматыда жер сілкінді

Алматы қаласының жоғарыдан көрінісі. (Көрнекі сурет)

Алматыда бейсенбіге қараған түні жер сілкінісі тіркелген.

«Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің ақпараты бойынша, жер сілкінісі қарашаның 27-сі, жергілікті уақытпен 23 сағат 57 минутта сезілген. 4,2 магнитудалы жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан 12 километр қашықтықта, 10 километр тереңдікте болған деп хабарланды.

Жерасты дүмпулері Алматының таулы аудандарында сезілген.