Украинада Яценюк премьерлікке қайта сайланды

Украинаның парламент спикері Владимир Гройсман (сол жақта,) президенті Петр Порошенко (ортада) және премьер-министрі Арсений Яценюк. Киев, 27 қараша 2014 жыл.

Украинаның жаңа парламенті бүгін алғашқы отырысында Арсений Яценюкті қайтадан премьер-министр етіп сайлады. Ол бұл қызметті 2014 жылдың ақпанынан бері атқарып келеді.

Парламент президент фракциясының өкілі Владимир Гройсманды спикер ретінде мақұлдады.

Еуромайдан шерулерінен кейін қайта сайланған Украина парламентіндегі еуропашыл бес фракция көпшілік коалициясын құрды. Олар үкіметті және Халықаралық қаржы қорынан экономикасы әлсіреген Украинаға қажет несие алу үшін бюджетті бекітуі керек.

Коалиция үкіметтің толық құрамын 2 желтоқсанға дейін дайын етеді.