Кешегі һәм бүгінгі Грозный

Ленин көшесі 1995 жылы қирап жатқан еді. Мұнда үйсіз қалған адамдар жүретін. Ақ ғимарат - қираған музыка мектебі. Қазір көшеге Қадыровтың аты беріліп, бір басына мешіт салынған. Кейбір мәліметтерге қарағанда, ол мешіт - Еуропадағы ең үлкен мешіттің бірі.  

1995 жылдың қаңтары. Шешен жауынгері азаматтардың президент сарайы алдындағы алаңнан өткенін бақылап отыр. Алаңның ар жағында қираған ғимарат тұр. Ол жерге кейіннен үлкен мешіт салынды. Мешітке қарама-қарсы, көшенің екінші бетінде – кремльді қолдап, исламист жауынгерлермен соғысып қаза тапқан шешен сарбаздарының ескерткіші тұр. Монументтің жанында Сталин тұсындағы репрессия құрбандарының бейіттері бар.  
 

Грозный орталығындағы Бейбітшілік даңғылы орталық базарға апарады. Мұнда 1996 жылғы соғыстың ізі де қалмаған.  

Бейбітшілік даңғылындағы базарда соғыс жылдарында да сауда қайнап жататын еді. Шешен жауынгерлері көліктеріне өздерінің лидері Джохар Дудаевтың портретін іліп қойып жүретін. Ол базар қазір басқа жаққа көшірілген. Қираған үйлердің орнына жаңа ғимараттар тұрғызылған.  

Грозныйдағы Минутка алаңында ең ауыр шайқастар болған еді. Қазір бұл алаңды жөндеп қойған.  

Краснофлотская даңғылының соғыс кезіндегі және қазіргі суреті.