Халықаралық велоспорт федерациясы (UCI) "Астана" командасына 2015 жылға лицензия берді. Енді қазақстандық велокоманда алдағы жылы өтетін барлық жарыстарға қатысады.
Осыған дейін кейбір еуропалық басылымдар "Астана" командасы допинг дауына байланысты лицензиясынан айырылуы мүмкін" деген ақпарат таратқан еді.
Биыл "Астана" командасының екі мүшесі ағайынды Максим және Валентин Иглинскилер "допинг қолданды" деп айыпталып, спорттан шеттетілген.