Түркияда оппозициялық БАҚ-қа тінту жүргізілді

Оппозицияшыл "Заман" басылымының қызметкері полицияның тінтуіне қарсылық танытып, қолына плакат ұстап тұр. Стамбул, 14 желтоқсан 2014 жыл.

Түркия полициясы елдегі бірқатар оппозициялық партияларға қатысы бар ақпарат құралдарына тінту жүргізді. Желтоқсанның 14-інде жүргізілген тінту барысында "мемлекеттік билікті басып алу үшін қарулы топ құрмақ болды", "қорқытып, үркітуді пайдаланды" деген айыптармен кемінде 24 адам тұтқындалды.

Тұтқындалғандар арасында Түркиядағы ең ықпалды газеттердің бірі - "Заман" басылымының редакторы мен "Саманйолу" телеарнасының басшысы Экрем Думанлы да бар.

Полиция АҚШ-та тұрып жатқан діни жетекші, қазір Түркия президенті РежепТайып Ердоғанның бәсекелесі Фетхулал Гүленге жақын "Хизмет" қозғалысының жақтастарына қарсы тінту жасады.

Еуропа Одағының сыртқы саясат істер жөніндегі жоғарғы комиссары Федерика Могерини мен сыртқы кеңею істері жөніндегі комиссары Йоханнес Хан оппозицияшыл БАҚ-ты тінту мен тұтқындаулар "еуропалық құндылықтарға қайшы" келетінін мәлімдеді.

АҚШ мемлекеттік департаменті Түркия билігін ақпарат құралдарының еркіндігі мен басқа да демократиялық құндылықтарға нұқсан келтірмеуге шақырды.