17 желтоқсан күні таңертең Мәскеу биржасында 1 АҚШ долларының бағасы 72,50 рубль, ал 1 еуроның құны 88 рубль болды.
Желтоқсанның басынан бері Ресей банкі рубль бағамын тұрақтандыру үшін 10 миллиард доллар бөлген. Оның 2 миллиард долларын 15 желтоқсанда жұмсаған.
Ресей орталық банкі 16 желтоқсанда негізгі мөлшерлемені 17 пайызға көтергенімен рубльдің құны төмендеуі тоқтамады. Осы күні Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев рубльдің девальвацияға ұшырауына байланысты шұғыл жиын өткізген. Жиында валюталық бақылау енгізбей-ақ сұраныс балансын арттыру туралы шешім шығарылған.
Ресей президенті Владимир Путин 18 желтоқсанда өтетін қорытынды баспасөз мәслихатына дейін елдегі қаржы нарығындағы жағдайға байланысты ресми мәлімдеме таратпайтынын оның баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.