Беларусьте бірнеше БАҚ сайты бұғауланды

Үкімет бұқаралық ақпарат құралдарын қатаң бақылайтын Беларусьте бірнеше ақпараттық веб-сайттар бұғаттала бастады.

Желтоқсанның 21-інен Беларусьте жекеменшік "БелаПАН" агенттігінің үш веб-сайты мен "Солидарность" ақпараттық сайты және "Хартия-97" құқық қорғау ұйымының веб-сайты бұғатталған.

Ресми орындар бұғаттауға кім жауапты екеніне әзірге жауап берген жоқ. Бірақ "БелаПАН" агенттігінің хабарлауынша, веб-сайттардың IP адресін бұғаттауға тек билік қана пәрмен бере алады.

Өткен аптада Беларусь парламенті веб-сайттарды бұқаралық ақпарат құралдары деп танып, үкіметтің қажет деп тапса жабуына мүмкіндік беретін заң қабылдаған.

Заң келесі жылдан бастап күшіне енеді.

Беларусьте келесі жылдың қараша айында президент сайлауы өтпек.