Өзбекстанда жексенбіде өткен парламенттің төменгі палатасына сайлауға дауыс беру құқығы бар азаматтардың 88 пайыздан астамы дауыс берді деп хабарлады орталық сайлау комиссиясының төрағасы Мирзо-Улуғбек Абдусаломов.
Абдусаломовтың айтуынша, дауыс берудің алдын-ала нәтижелері 22 желтоқсан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 15:00-де жариялана бастайды. Орталық сайлау комиссиясы басшысы дауыс беруде заң бұзылғаны туралы "бір де бір мәлімет түспегенін" айтады.
Өзбекстан парламентінің төменгі палатасындағы 135 орынға 500-ден астам кандидат түскен. Олар сайлауға төрт партия - Либерал-демократиялық партия, Халықтық-демократиялық партия, «Ұлттық өркендеу» және «Әділет» партияларының атынан қатысып жатыр.
Сайлауды 300-ден астам шет мемлекеттер және халықаралық ұйымдар өкілдері бақылап отыр.
Өзбекстан парламентінің мұнын алдындағы сайлауы 2009 жылы өткен еді. Ол жолы ең көп орынды Либерал-демократиялық партия өкілдері иеленген.