Бағдаттың оңтүстігінен 20 километр жерде орналасқан Мадаин қаласында жанкешті өз-өзін жарып жіберді.
Жарылыстан кем дегенде 22 адам қаза тауып, 50-ден астам адам жараланған. Мерт болғандар мен зардап шеккендердің барлығы - "Ислам мемлекетіне" қарсы соғысып жүрген Ирак әскерилері мен "Ас-Сахва" тобының сарбаздары.
Жарылыс сарбаздар қаладағы әскери базаға айлықтарын алуға жиналған сәтте болған. Әзірге бұл терактіні ешбір топ мойнына алған жоқ.