Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Арменияның Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) кіруі туралы келісімді ратификациялады деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.
Арменияның ЕАЭО-ға кіруі туралы келісімге Армения, Беларусь, Қазақстан және Ресей президенттері қазанның 10-ында Минскіде қол қойған. Желтоқсанның 23-інде Мәскеуде өткен Еуразия экономикалық кеңесінің жиынында Ресей президенті Владимир Путин Армения 2015 жылғы қаңтардың 2-сінен бастап ЕАЭО-ның толыққанды мүшесі болады деп мәлімдеген.
ЕАЭО 2015 жылы қаңтардың 1-інде өз жұмысын бастайды.