Алматыдан 85 километр қашықта жер сілкінді

Алматы маңындағы тау көріністері. (Көрнекі сурет).

30 желтоқсанда Алматыдан шығысқа қарай 85 километр жерде жер сілкінісі тіркелді. Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы зілзала ошағы Қазақстан жерінде екенін хабарлады.

4,4 магнитудалы жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 9 сағат 27 минутта тіркелген. Зілзаланың сезілгені және зардаптары туралы әзірге мәлімет түспеген.

Соңғы рет 17 желтоқсан күні Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 78 километр қашықтықта магнитудасы 4,5-ті құрайтын жер сілкінісі болған еді.

Қараша айында болған жер сілкінісінен кейін сейсмологтар бірнеше апта бойы афтершок болуы мүмкін деп ескерткен.