Тайыр Мансұров ЕАЭК министрі болды

Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым министрі Тайыр Мансұров.

Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың бұрынғы бас хатшысы Тайыр Мансұров Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕАЭК) энергетика және инфрақұрылым министрі болып тағайындалды. Бұған дейін ол қызметті таяуда Шығыс Қазақстан облысына әкім болып тағайындалған Даниал Ахметов атқарған еді.

Тайыр Мансұров бұрын Қазақстанның Ресейдегі және Финляндиядағы елшісі, Қазақстан президентінің кеңесшісі қызметтерін атқарған. Ол 2003-2007 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімі, 2007 жылдан бері Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың бас хатшысы болған.