Күдікті "Әл-Қаида" мүшесі АҚШ түрмесінде өлді

"Әл-Қаида" мүшесі деп саналатын Нази Абдул-Хамед әл-Руқай деген лақап есімді Әбу Анас әл-Либи

1998 жылы шығыс Африкадағы АҚШ елшіліктеріне шабуыл жасаған "Әл-Қаида" мүшесі деген күдікпен қамауға алынған тұтқын соты басталардан бірнеше күн бұрын федералдық түрмеде қайтыс болды.

АҚШ билігінің мәлімдеуінше, Нази Абдул-Хамед әл-Руқай деген лақап есімді Әбу Анас әл-Либи 2 қаңтар күні "ұзаққа созылған медициналық қиындықтардан" көз жұмған. 50 жастағы әл-Либи бауыр рагына шалдыққан деп хабарланған.

Әл-Либи 224 адамның өмірін қиған Танзания мен Кениядағы АҚШ елшіліктеріне жасалған шабуылға өзінің қатысы жоқ екенін мәлімдеген. Оның ісі бойынша федералдық сот отырысы 12 қаңтарда Манхэттенде басталуы тиіс еді.

Әл-Либи 2013 жылдың қаңтарында Ливияда америкалық әскердің қолына түскен болатын.