Азия чемпионаты: Қазақстан 7 медаль алды

Жасөпірімдер арасында Азия чемпионы Альберт Линдер

Ауыр атлетикадан Дохада өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер (17 жасқа дейінгі) пен жастар (20 жасқа дейінгі) арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатыр.

Қазақстандықтар бұл чемпионатта барлығы жеті медаль алды.

17 жасқа дейінгілер арасында 50 килограмда Игорь Сон 208 килограмм (93+115) көтеріп, алтын алды. Ал 69 килограмда Альберт Линдер чемпион атанды — 311 кг (140+171).

Қыздар арасында 58 килограмда Әйгерім Әуелбек 171 килограммен (76+95) күміс медаль ұтты.

20 жасқа дейінгілер арасында Кристина Крахалева (63 кг) Михаил Макеев (77 кг), Семен Линдер (85 кг) күміс, ал 56 килограмда Тимур Хасаров қола жүлдегер атанды.

Жарыс 7 қаңтарда аяқталады. Осы күні +105 келіде Селімхан Аубакиров жарысқа шығады. Дохадағы Азия чемпионатына 23 елден 180 спортшы қатысып жатыр.