Жоламановтың ісі бойынша сот күні белгіленді

Көрнекі сурет.

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің бұрынғы басшысы Нұрлан Жоламановтың ісі бойынша алдын-ала сот тыңдауы қаңтардың 12-сіне белгіленді. Процесс Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотта өтпек.

Бұған дейін Нұрлан Жоламановтың 2014 жылы қазанның 27-сі күні «ҰҚК шекара қызметінің лауазымды тұлғаларының қызмет бабын теріс мақсатта пайдалану фактілерін тексеру аясында» күдікті ретінде ұсталғаны хабарланған еді. Ал қазанның 29-ы күні Ақмола сотының әскери гарнизоны оны желтоқсанның 27-сіне дейін қамауға санкция берген. Кейін Жоламановқа "түрлі коммерциялық құрылымдардан ұйымдасқан қылмыстық топ арқылы пара алу" айыбы тағылған.

Жоламанов 2013 жылдың қаңтарынан қамауға алынғанға дейін ҰҚК шекара қызметін басқарған.