Олимпиада-2022: Алматы қаржылық кепілдіктерді ұсынды

Алматыдағы шаңғы-трамплин кешені

2022 жылғы қысқы олимпиаданы өткізуге кандидат Алматы (Қазақстан) мен Пекин (Қытай) Халықаралық олимпиада комитетіне қаржылық және құрылыстық кепілдіктерін ұсынды.

"Бүгін 2022 жылғы олимпиада үшін маңызды күн. Біз екі қаланы ресми түрде кандидат ретінде қабылдадық" деді ХОК президенті Томас Бах Лозаннада (Швейцария) өткен комитет жиынында.

14-18 ақпанда ХОК бағалау комиссиясы Алматыға келіп, қаланың олимпиада өткізу мүмкіндігімен танысады. Ал 24-28 наурызда комиссия Пекинге барады.

Маусымда екі кандидат қаланың өкілдері Лозаннада өздерінің соңғы бағдарламаларын ұсынады. 31 шілдеде Куала-Лумпурда (Малайзия) 2022 жылғы қысқы олимпиаданы өткізетін қала белгілі болады.