Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Алматының тау бөктерінен көрінісі. (Көрнекі сурет)

Жексенбі күні жергілікті уақытпен 3 сағат 56 минутта Алматыдан 248 километр қашықтықта 3,9 магнитудалы жер сілкінісі тіркелген. Бұл туралы Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік орталығы мемлекеттік мекемесі хабарлады.

Жер сілкінісінің эпицентрі Қырғызстан аумағында деп хабарланды. Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

Қаңтардың 10-ы күні мамандар екі рет жерасты дүмпуін тіркеген. Алматы уақытымен кешкі сағат сегіз жарым кезінде 3,9 магнитудалы жер сілкінісі тіркелген. Оның эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 174 километр жерде, Қазақстан аумағында болған. Оған дейін, сенбі күні 12 сағат 50 минут шамасында тіркелген 5,8 магнитудалы жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан 330 километр қашықтықта, Қытай аумағында болған.