Палестина басшысы Махмуд Аббас Араб елдері лигасынан автономияда экономикалық тұрақтылықты сақтап отыру үшін айына 100 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржылай көмек беріп отыруды сұрады.
Қаңтардың 15-інде Каирде Араб елдері лигасы сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысқан Аббас көмекті Израильдің Палестина әкімшілігіне ай сайын салық түсімдерінен қаржы бөліп отыруды тоқтатқан соң сұрағанын айтады.
Тель-Авив Палестинаның Халықаралық қылмыстық сотқа қосылуына жауап ретінде автономияға салық түсімдерінен қаржы бөлуді тоқтатып, Махмуд Аббас әкімшілік қызметкерлеріне жалақы төлей алмай қалған.
БҰҰ Израильді Палестинаға қаржы бөлуді тоқтатпауға шақырды.