Парижде бірнеше адам кепілге алынғаны хабарланды

Париж көшелерінде жүрген әскер.

Франция полициясы Париждің шетіндегі пошта бөлімшелерінің бірінде қарулы адам екі адамды кепілге алғанын хабарлады.

Полиция Париждің солтүстік-батысынан 10 километрдей жердегі Коломб қаласын қоршауға алып, тікұшақ жіберген.

RTL radio дерегінше, ер адам Калашников автоматы, пистолет және гранатамен қаруланғанын, бірнеше адамды кепілге алғанын хабарлаған.

Полиция қарулы адаммен сөйлескендерін, бірақ ол нақты шешім қабылдамағанын айтқан.

9 қаңтарда қарулы адам Париждегі дүкендердің бірінде адамдарды кепілге алған. Кепілдегілерді құтқару операциясында қарулы адам мерт болып, кепілдегі төрт адам өлген. Бүгінгі оқиғаның оған қатысы бар-жоғы белгісіз.