Польша: Ресейге қарсы санкцияны жоюға негіз жоқ

Польша сыртқы істер министрі Гженож Схетына.

Еуропа Одағына мүше елдердің сыртқы істер министрлері қаңтардың 19-ында Брюссельде кездесіп, Украинадағы жағдай ушыққан тұста Еуропадағы қауіпсіздік мәселелерін талқылады.

Дания сыртқы істер министрі Мартин Лидегормен кездескеннен кейін Польша сыртқы істер министрі Гжегож Схетына Украинадағы саясаты үшін Ресейге салынған "санкцияны алып тастауға негіз жоқ" деп мәлімдеді.

Украинадағы жағдай жайлы айтқан Схетына "Қырым түбегінің статусы жайлы мәселе әлі шешілмегенін" де айтқан.​