Мариупольде 27 адам қаза болды

Your browser doesn’t support HTML5

Қаңтардың 24-і күні таңертең Мариупольдің «Восточный» ауданы «Град» артиллериялық қаруынан атқыланып, салдарынан кемінде 27 адам мерт болып, ондаған адам жараланған. Бірнеше тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар, солардың арасында қаладағы 5-мектептің ғимараты бүлінген. Снарядтардың жақын маңға түсіп жарылуынан мектептің терезе әйнектері сынған. Бірнеше жерде өрт шыққан. Мариупольдегі Киев базарындағы өртті 15 сағат бойы өшірген. (Азаттықтың Украин қызметінің видеосы)