Standard & Poor's Ресей рейтингін төмендетті

Standard and Poor's агенттігінің Нью-Йорктегі кеңсесі. (Көрнекі сурет)

Standard & Poor's агенттігі Ресейдің дербес несие рейтингін қайта қарап, оны соңғы он жылда алғаш рет инвестициялық деңгейден төмен - BB+ деңгейінен BBB- деңгейіне дейін түсірді.

Сарапшылар бұған қоса Ресейдің алдағы рейтингі төмендей береді деген болжам жасап, "рейтингтің төмендеуі Ресей ұстанған икемді қаржы-несие саясаты шектеулі болды және экономикалық өсімі баяулады деген тұжырымды нақтылай түседі" деп мәлімдеді.

Осы айдың басында Fitch агенттігі де Ресейдің несие рейтингін BBB- деңгейіне дейін түсірген.

Standard & Poor's агенттігі Ресейдің несие рейтингін соңғы рет өткен жылдың сәуірінде төмендеткен еді.

Ресей әлемде мұнай бағасы арзандап, батыс елдері Украинадағы саясатына байланысты санкциялар салған соң экономикалық құлдырауға тап болған.