Беларусь президенті Александр Лукашенко Минск егер серіктері өзіне алған міндетін орындамаса Еуразия Экономикалық Одағынан (ЕАЭО) шығуы мүмкін екенін мәлімдеді. Лукашенко бұл жайында қаңтардың 29-ында өткен жыл сайынғы баспасөз жиынында айтты.
Лукашенко жиында Беларусь ЕАЭО туралы келісімге шарт қоя отырып қол қойғанын ескертті. "Белта" агенттігінің хабарлауынша, Лукашенко "Ол шарттың мәні мынада: егер жасалған келісім сақталса, онда біз де ЕАЭО-ғақ қатыстының барлығын орындаймыз. Егер келісім сақталмаса, онда біз бұл одақтан шығуға бармыз" деген.
Беларусь президенті бұған қоса ЕАЭО-да сауда соғысы болмауы тиіс екенін айтқан.
ЕАЭО 2015 жылдың 1 қаңтарынан жұмыс істей бастаған. Одақ құру туралы келісімге 2014 жылдың 29 мамырында Ресей, Қазақстан және беларусь басшылары қол қойған. Кейін одаққа Армения да қосылды. Қырғызстан да биыл мамыр айының басынан бастап бұл одаққа мүше болмақ.