Лукашенко: Беларусь «Орыс әлеміне» жатпайды
Your browser doesn’t support HTML5
Беларусь президенті Александр Лукашенко 29 қаңтар күні Минскідегі Тәуелсіздік сарайында шетелдік және жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізді. Жиын жеті сағатқа созылған. Лукашенко Мәскеу мен Минск қарым-қатынасы, Украинадағы жағдай, Майдан және экономика туралы айтқан. Лукашенко ел егемендігін құрметтеуге шақырып, Беларусьтің «Орыс әлеміне» жатпайтынын мәлімдеді. Ол «Беларусь – егемен әрі тәуелсіз мемлекет» деген.