Қырғызстанда соғысқа үгіттеу бойынша 86 іс қозғалған

Қырғыз туы. Көрнекі сурет

Қырғызстан ішкі істер министрлігінің Азаттықтың Қырғыз қызметіне берген мәліметінше, 2014 жылы елде азаматтарды соғыс аймақтарына баруға үгіттеу бойынша 86 факт тіркелген. Оның 23-і бойынша қылмыстық іс қозғалған, басқасы тергеліп жатыр.

Ішкі істер министрлігінің дерегінше, Қырғызстанда 188 адам Сирия, Ауғанстан, Пәкістандағы қақтығыстарға қатысуға үгіттелген. Ол жақтағы соғыс болып жатқан жерге кеткен 24 әйелдің бесеуі Қырғызстанға оралған.