Гаага: Хорватия мен Сербияның геноцидке қатысы жоқ

Гаага сотының Хорватия мен Сербияға қатысты шешім шығарған сәті. 3 ақпан 2015 жыл

3 ақпанда Гаагадағы БҰҰ халықаралық соты 1991-1995 жылдары болған соғыста Сербия мен Хорватия геноцид жасаған жоқ деген шешім шығарды.

Сот Питер Томканың мәлімдеуінше, "сербиялықтардың ісі" хорват этносын қыруға емес, оларды кей аймақтардан шығаруға бағытталған.

Сот 1995 жылы хорваттардың серб халқына жасаған ісі де "геноцид" ретінде дәлелденбегенін айтты.

1999 жылы Хорватия Сербияны "халықты қырды" деп айыптап, шығынын өтеуді талап етіп сотқа берген. Кейін Сербия Хорватияны "200 мың этникалық сербті қудалады" деп айыптап, қарсы шағым түсірген.