Светлана Давыдова Лефортов абақтысынан шықты

Your browser doesn’t support HTML5

Ресейде «мемлекетке сатқындық жасады» деген айыппен тұтқындалған 36 жастағы әйел, жеті баланың анасы Светлана Давыдова ақпанның 3-і күні жергілікті уақытпен кешкі сағат жеті кезінде Мәскеудегі Лефортов абақтысынан бостандыққа шықты. Оның адвокаты Сергей Бадамшиннің айтуынша, тергеу орындары Давыдовадан ешқайда кетпейтіні туралы қолхат алып қамаудан босатқан. Мәскеу, 3 ақпан 2015 жыл. Азаттықтың Орыс қызметінің видеосы.