Қазақстан шахмат ұйымы жұмысын уақытша тоқтатты

Қазақстан федерациясына кіретін шахматшылардың бірі Жансая Әбдімәлік

Қазақстан шахмат федерациясы қаржы тапшылығына байланысты жұмысын уақытша тоқтатты. Федерацияның ресми сайтында хабарланғандай, ұйым жұмысын "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры қайырымдылық және демеушілік қызметтерін доғаруына байланысты тоқтатқан.

"Самұрық-Қазына" қоры қаңтар айында дағдарыс салдарынан және шығындарды азайту мақсатында түрлі қайырымдылық және демеушілік жұмыстарын тоқтататынын хабарлаған еді.

Шахмат федерациясы ұлттық әл-ауқат қорынан басқа жерден қосымша қаржы түспейтіндіктен 2015 жылдың ақпанынан бастап Қазақстан чемпионаты мен кубогын өткізу, оқу-дайындық жиындары, спортшыларды халықаралық жарыстарға жіберуге байланысты жұмыстарды, стипендия мен жалақы төлеуді уақытша тоқтататынын хабарлады.