Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы Федерация кубогының Азия-Тынық мұхиты аймағының финалында Жапония командасынан жеңіліп қалды.
Қазақстандық Юлия Путинцева Мисаки Доиден 1:6, 3:6 есебімен ұтылса, Ярослава Шведова Куруми Нарадан жеңілді - 6:2, 5:7, 3:6.
Осылайша, Қазақстан әлемдік топтың плей-офф кезеңіне шыға алмады. Қазақстан теннисшілері финалға шығу үшін Қытай, Тайвань, Таиланд, Жапония, Өзбекстан, Оңтүстік Корея және Гонконг спортшыларын жеңген.
2016 жылы Қазақстан қайтадан осы Азия-Тынық мұхиты аймағында ойнайды.