Ауғанстандағы "ИМ жетекшісі" оққа ұшты

Әуе шабуылына қолданылатын ұшақтан (Көрнекі сурет)

Ауғанстандағы әуе шабуылы кезінде өзін "Ислам мемлекетінің" ауған-пәкістан аймағындағы лидері деп жариялаған Мулла Абдул Рауф қаза тапты деп хабарлайды Гильменд провинциясының басшылығы.

Операция кезінде тағы бес содыр мерт болған. Оның бірі - Мулла Абдул Рауфтың күйеу баласы.

Терроризмге қатысты Гуантаномо түрмесіне отырып шыққан Мулла Абдул Рауф Ауғанстан мен Пәкістан аумағындағы джихадшыларды басқарған.

Оның тобы халықты джихадқа шақырып, кейде "Талибанмен" де қақтығысқан.