Мәтібұлақта әскери жаттығу өтіп жатыр

Мәтібұлақ полигонында жүрген қазақстандық әскерилер. (Көрнекі сурет).

Жамбыл облысындағы Мәтібұлақ полигонында жаяу әскерге арналған бронды көліктен (БМП) нысана атудан жаттығу өткізіп жатыр.

БМП-дан және басқа да қару түрлерінен ату жаттығуына 20-дан аса техника, 25 БМП экипажы, 250 офицер мен келісім-шарт бойынша қызмет ететін әскерилер қатысып жатқаны хабарланды.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, жаттығу "жеке құрамдардың қарудан ату тәжірибесін арттыру үшін, БМП экипажы іс-қимылын автоматты түрде орындайтындай деңгейге жеткізіп, шеберліктерін шыңдау үшін" өткізіліп жатыр.