Углегорскідегі шайқас

Your browser doesn’t support HTML5

Шығыс Украинадағы Углегорск қаласында кескілескен шайқас жүріп жатыр. Дебальцево маңында украиналық әскерилерді қоршауға түсірмек болып жатқан ресейшіл сепаратистер өткен аптада Углегорскіні өз бақылауына алған еді. Қаланы алған соң сепаратистер үкімет әскеріне керек-жарақ жеткізілетін тас жолды жаңа позициялардан атқылауды бастаған.