Керчь: Ресей аннексиясынан соң
Керчьте бұрын Украина туы желбіреген флагштоктарға қазір Ресей туы ілінген.
Бірақ кейбір мекемелердің атаулары мен маңдайшасындағы жазулар өткенді еске салады...
Керчь қаласының орталық көшесінде орналасқан «Приватбанк».
Митридат тауына баратын жолдағы баспалдақ қабырғасына украиналық символикалар –мемлекеттік ту мен аша таңбаны (трезубец) ұдайы салып кетеді.
Коммуналдық қызмет жұмысшылары бұл суреттерді бетонмен сылап жұрт көзінен жасырған болады.
Жергілікті суретшілер қалдырған тағы бір жазу – «ПТН ПНХ».
Паром өткеліне баратын жол.
Теңіз портында әлі сол көгілдір-сары түстегі, бірақ Ресей туын көтерген кемелер тұр.
Ауа райы мен уақыт қалай құбылса да көк теңіз сол баяғы әдемі қалпында.