18 ақпанда Париждегі кассациялық сотта қазақстандық экс-банкир Мұхтар Әблязовты экстрадициялау ісі бойынша тыңдау басталды деп хабарлады Азаттыққа оның қызы Мәдина Әблязова.
Оның айтуынша, сотқа Мұхтар Әблязов қатысып отырған жоқ. Кассациялық сот тек заңгерлер арасында өтіп жатыр. Бұл соттың шешімі наурызда шығады.
БТА банк директорлар кеңесінің бұрынғы төрағасы Мұхтар Әблязов 2013 жылы Францияда тұтқындалған еді. Оны экстрадициялауды Астана, Мәскеу, Киев қатар сұрап отыр. Қазақстан билігі оны "банк басқарған кезінде 6 миллиард доллар жымқырды" деп айыптайды. Украина мен Ресей де бұрынғы банкирдің үстінен "қаржылық алаяқтық жасады" деген шағым түсірген. Әблязов "бұл айыптардың саяси астары бар" деп санайды.