Грекия мен кредиторлары уақытша мәмілеге келді

"ХВҚ, үйіңе кет!" деген жазудың маңыан өтіп бара жатқан әйел. Афина, 20 ақпан 2015 жыл.

Еуро аймағы елдерінің қаржы министрлері Афинаға қаржы жәрдемі бағдарламасын төрт айға ұзартуға туралы Грекия үкіметімен мәмілеге келді. Сөйтіп, Грекия алдағы төрт айда Еуропа Одағынан ақша алуға мүмкіндік алды. Бұған дейін Афина жеңілдік мерзімін алты айға созуға тырысқан.

Еуропа елдері Грекияның жаңа үкіметін құрылымдық реформалар жүргізуге көндіріп отыр. Грекия үкіметі ақпанның 23-іне дейін реформаларға қатысты өз ұсыныстарын еуропалық әріптестеріне тапсыруы тиіс.

Бұған дейін Грекия премьері Алексис Ципрас Еуропа Одағын Грекияның қарызын кешіруге көндіретіні туралы мәлімдеген еді. Еуропалықтар өкілі Йерун Дейсселблум келіссөздерден соң Грекия қарызына қатысты өз міндеттемелерінің барлығын орындауға уәде етті деп хабарлады.

Грекияда қарыз дағдарысы 2010 жылдың көктемінде шиеленісе бастаған. Сол кездегі үкімет дефолтқа жол бермеу үшін Еуропа Одағындағы серіктерінен қаржылай жәрдем сұраған. Сол жылы Standard & Poor's агенттігі Грекия мемлекеттік облигацияларының рейтингін айтарлықтай түсірген. Ізінше еуро бағамы күрт түсіп, әлем бойынша құнды қағаздары нарықтарында дүрбелең туғызды. 2012 жылы желтоқсанда еуро аймағы қаржы министрлері Грекияға 34 миллиард еуро көлемінде кезекті транш бөлуді мақұлдаған.