Киевтегі «Ар-намыс шеруі»

Құрбан болғандарға гүл қою рәсімі. Украинада 2014 жылы ақпанда Киев Майданында қаза тапқандары "Небесная сотня" деп атайды.

Киевте 2014 жылы ақпанда сол кездегі билікке наразылық шеруі кезінде қаза тапқандардың ("Небесная сотня") суреттері.

"Ар-намыс шеруінде" қолына "Біз - Украина" деген жазу ұстап тұрған бала.

"Ар-намыс шеруіне" қатысушылар Украинада болып жатқан жағдайлар үшін Ресей президенті Владимир Путинді айыптайды.

Қаза тапқан Майдан қорғаушыларының рухына тағзым етіп Киевтегі "Ар-намыс шеруіне" мыңдаған адам шықты.

"Ар-намыс шеруіне" Киев тұрғындарының көпшілігі балаларын ала келді.

"Ар-намыс шеруіне" қатысушылар Киевтің Тәуелсіздік алаңы - Майданда тұр.

"Ар-намыс шеруіне" қатысушылар Киевтің орталық көшелерімен жүріп өтті.

Шеруге қатысушылардың көпшілігінің жүзінен абыржу байқалады. Украина қазір кәдімгідей шынайы соғысты бастан өткеріп жатыр.

Украина президенті Петр Порошенко еуропалық елдердің басшыларымен бірге Киевтегі "Ар-намыс шеруіне" қатысты.

Украина мен Еуропа елдерінің басшылары Майданда қаза тапқандары еске алу шарасындағы діни рәсім кезінде бірге тұр.

Еске алу шарасына қатысу үшін Киевке арнайы келген бірнеше елдің жетекшілері Украина презиентімен бірге діни рәсімде тұр. 22 ақпан 2015 жыл.