Ауғанстанда 30 шииттің ұрланғаны хабарланды

Хазар шииттерінің экстремистік топтардың шабуылына қарсы акциясы.

Ауғанстан билігі белгісіз қарулы топ Кабул мен Кандагар арасында кетіп бара жатқан автобус ішіндегі 30 хазар шиитті ұрлап әкеткенін хабарлады.

Автобус компаниясының мәлімдеуінше, бетін тұмшалаған бірнеше қарулы адам көлікті тоқтатқан. Жүргізуші тоқтатқандарды Ауғанстан әскерилері деп ойлап қалған.

Ауғанстан ішкі істер министрлігі ұрланған адамдарды босату үшін әрекет жасап жатқанын мәлімдеді.

Әзірге бұл адам ұрлығын ешқандай топ өз мойнына алған жоқ.

Осыған дейін Ауғанстан мен Пәкістандағы шиит мұсылмандардың мешіттеріне бірнеше рет шабуыл жасалған.