Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон өз елі Украинаға ресейшіл сепаратистермен соғысып жатқан үкімет әскерін дайындау үшін әскери қызметшілерін жіберетінін мәлімдеді.
"Келесі айда біз Украина жағының сұрауы бойынша тактикалық барлау, логистикалық қамтамасыз ету, медициналық көмек қызметтеріне даярлау үшін британ әскерилерін жөнелтеміз" деді ақпанның 24-інде парламент депутаттары алдында cөйлеген Кэмерон.
Ол британдық әскерилер қызметшілер Украинадағы әскери іс-қимылдарға араласпайтынын айтқанымен, болашақта Украинаға қару-жарақ түрінде көмек көрсетілуі мүмкін екенін жоққа шығармады.
"Ресейге қарсы тұра алмаушылық барлығымызға зардабын тигізетін тұрақсыздықққа әкеп соқтырады" деген Ұлыбритания премьері.