Донбаста украин журналисі мерт болған

Украинаның үкімет күштері жанында тұрған ЕҚЫҰ өкілі. Соледар, Донецк облысы, 27 ақпан 2015 жыл.

Украинаның шығысында соңғы тәулікте бір украиналық журналист қаза тауып, үш әскери жараланды деп хабарлады сенбі күні үкімет күштерінің өкілдері.

Украина үкімет әскерінің Донбастағы операциялар штабының өкілі Алексей Лысенконың айтуынша, мина жарықшағы тиіп жараланған украиналық «Сегодня» газетінің фототілшісі Сергей Николаев Пески қаласында қайтыс болған.

Өзін өзі жариялап алған «Донецк халық республикасы» «қорғаныс министрлігінің» өкілі Эдуард Басурин «ДХР» ауыр қару-жарағының соңғыларын жанжалға қатысушы тараптардың майдан сызығы бойынан жексенбі күні алып кетуді жоспарлап отырғанын мәлімдеген.

Донбастағы атысты тоқтату туралы келісімнің орындалуын қадағалайтын Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы бақылаушыларынан әзірше ауыр қару-жарақтың ұрыс аймағынан әкетіліп жатқаны туралы деректер түспеген.