Немцовты еске алу шеруі
РПР-ПАРНАС партиясының теңтөрағасы, Ярославль облыстық думасының депутаты, Ресейдің бұрынғы вице-премьері Борис Немцовты ақпанның 27-сі күні кешкісін Мәскеудің орталығында қастандықпен өлтірген. Оны өлтіргендер әлі табылған жоқ.
Бүгінгі қаралы шеру бұған дейін Ресей оппозициясы наурыздың 1-і күні Мәскеудің Марьино ауданында өткізуді жоспарланған «Весна» қарсылық акциясының орнына өткізілді.
Шеруге қатысушылар Борис Немцовтың суреттерін, гүлдер және оппозиция жетекшісін атып өлтіру қылмысын айыптаған жазулар ұстап шықты.
Шеруге қатысушы ер адам марқұм Борис Немцовтың суретін ұстап тұр.
Қаралы шеруді өткізуге ұйымдастырушылар кеше Мәскеу билігінің келісімін алған.
Ресей мемлекеттік думасындағы оппозиционер депутаттар Сергей Петров пен Валерий Зубов.
Ресейлік «Мемориал» құқыққорғау ұйымы ақпанның 28-і күні жариялаған мәлімдемесінде Немцовтың қазасын «саяси қастандық» деп атаған.
Борис Немцовты еске алу шеруі.
Борис Немцовты еске алу шеруіне қатысушылар «Батырлар өлмейді» деген жазу ұстап тұр.
Михаил Касьянов (ортада) және Илья Яшин (сол жақта) қаралы шеруде.
Журналист Леонид Парфенов.
Азаттықтың Орыс қызметінің тілшісі Мумин Шакиров шеруге қатысушыдан сұхбат алып тұр.
Полиция қызметкерлері.
Мемлекеттік думаның бұрынғы депутаты Геннадий Гудков (сол жақта) пен тележурналист, оппозиционер кіші Владимир Кара-Мурза.
Мәскеудегі оппозициялық саясаткер Борис Немцовты еске алу шеруіне, ұйымдастырушылардың айтуынша, елу мыңнан аса адам қатысқан.
Публицист Леонид Радзиховский.
«РПР-ПАРНАС» партиясы жетекшілерінің бірі Михаил Касьянов.
Борис Немцовтың еске алу шеруі Мәскеудегі Большая Ордынка көшесінде аяқталды.
Шеруге қатысушылар.
Мәскеудің Большая Ордынка көшесінде. 1 наурыз 2015 жыл.