"Өзбекстанда танымал тележүргізуші, диктор Муслимбек Рахматилла Мирзаевты өлтіріп кетті" деп хабарлайды Азаттықтың Өзбек қызметі.
Мирзаевтың әріптесі, теле жүргізуші Мулсимбек Юлдашевтің Facebook-те хабарлауынша, Мирзаевты наурыздың 2-сі күні "белгісіз кісілер өлтіріп кеткен".
Құқық қорғау органдарындағы дереккөз Азаттықтың Өзбек қызметіне "Мирзаевтың наурыздың 2-сіне қараған түні Ташкенттегі үйінде өлтірілгенін" және "қазір бұл оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатқанын" хабарлаған.
60 жастағы Рахматилла Мирзаев 40 жыл Өзбекстан мемлекеттік телеарнасында қызмет істеген.